Рыбакина Торонтодағы турнирдің ширек финалына жолдама алып, басты қарсыласын артта қалдырды

Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстанның екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, жекелей сында 1/8 финалда Елена Рыбакина әлемнің 55-ракеткасы ресейлік Людмила Самсонованы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 55 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 11 эйс жасап, алты рет қосарланған қателікке жол берді және 17 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.

Ал Людмила Самсонова бір эйс жасап, тоғыз рет қосарланған қателік жіберді және алты брейк жасады. Рыбакинаның жеңісіне қарамастан, екі теннисшінің өзара кездесулерінде әзірге Самсонова алда келеді – 4:3.

Енді жартылай финалға шығу үшін Қазақстанның үздік теннисшісі Лейла Фернандес (Канада) пен Наоми Осака (Жапония) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Бұған дейін Ахмади Маханов алғаш рет World Tennis J100 турнирінің чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Соболенко Рыбакина қатысатын турнирге қатыспайды