"Қайрат" құрамасы Чемпиондар лигасынан шығып қалды: Рафаэль Уразбахтин ойынға пікір білдірді

Сурет: Instagram/f.c.kairat
Алматылық "Қайрат" клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде болгариялық "Левскиден" 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz басылымының жазуынша, бапкер ең алдымен командаға қолдау көрсету үшін стадионға келген жанкүйерлерге алғысын білдіріп, олардың керемет атмосфера қалыптастырғанын атап өтті.

"Өкінішке қарай, біз сіздерді жеңіспен қуанта алмадық. Әрине, өкінішті, көңіліміз қалды. Қолымыздан келгенше тырыстық. Бірақ қақпаға жасаған соққыларымыздың санына қарасақ, кем дегенде бір гол соғуға лайықты ойнадық деп есептеймін. Өкінішке қарай, гол соға алмадық. Біз, былайша айтқанда, мойымаймыз. Алда бізді чемпионатта да, еурокубоктарда да өте маңызды матчтар күтіп тұр. Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін күресеміз. Әрине, бұл жеңіліс оңай соқпады. Бірақ әрі қарай жылжуымыз керек, не істей аламыз? Қазір жағдай осындай. Осындай ойындар арқылы біз тәжірибе жинаймыз. Сол тәжірибе алдағы уақытта бізге көмектеседі деп үміттенемін", – деді клуб басшысы.

Бұған дейін әкесінің қазасынан кейін Месси мансап жолын сәл тоқтата тұруға шешім қабылдағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды – сұхбат

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды