Әкесінің қазасынан кейін Месси мансап жолын сәл тоқтата тұруға шешім қабылдады

Әкесінің қазасынан кейін Месси мансап жолын сәл тоқтата тұруға шешім қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 11:03 Сурет: Instagram/leomessi
Әйгілі футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси көз жұмды. Осыдан кейін спортшы мансабын уақытша тоқтата тұруға шешім қабылдаған. Белгілі болғандай, 68 жастағы Хорхе Месси жылдар бойы сырқаттымен күресіп келген, ол соңғы күндерін Росариодағы клиникада өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

NDTV Sports мәліметінше, футболшы осынау қиын қыстау күндерді жақындарының жанында өткізу үшін мансап жолында аздаған үзіліс жасауға шешім қабылдаған. Оның "Интер Майами" құрамына қашан оралатыны әзірге белгісіз.

Марқұм Хорхе Месси ұлының футболдағы мансабында маңызды рөл атқарды. Ол кезінде болат балқыту зауытында жұмыс істеген. Ал Лионель кәсіби футболшы атанғаннан кейін оның агенті әрі кеңесшісі болды.

Хорхе Месси мен Селия Куччитчинидің төрт баласы бар. Олар – Лионель, Родриго, Матиас және Мария Соль.

Бұған дейін Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: