Испаниямен ойындағы жеңілісінен кейін Месси көз жасына ерік берді

Испаниямен ойындағы жеңілісінен кейін Месси көз жасына ерік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 12:03 Сурет: X/AFASeleccionEN
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч аяқталған соң Месси алдымен алаңға жатып, бетін қолымен жауып біраз уақыт қозғалыссыз жатты. Кейін күміс медальді табыстау рәсімі кезінде де көзіне жас алды.

Испаниямен ойындағы жеңілісінен кейін Месси көз жасына ерік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 12:03

Сурет: Х/AFASeleccionEN

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс голын 106-минутта Ферран Торрес соқты.

Қазір 39 жастағы Лионель Месси бұл әлем чемпионатында 8 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппеден кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Сонымен қатар Месси осы әлем чемпионатында бірқатар тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол:

  • мансабында бесінші рет әлем чемпионатына қатысты;
  • сегіз матчтың алтауын толық өткізді, олардың үшеуі қосымша уақытқа созылды;
  • Алжир қақпасына хет-трик жасап, әлем чемпионаттары тарихындағы ең жасы үлкен автордың хет-тригіне қол жеткізді;
  • турнир барысында бір кезеңде әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды;
  • әлем чемпионаттары тарихындағы ең көп нәтижелі пас берген ойыншы атанды;
  • финалдан басқа барлық кездесуде гол соғып немесе нәтижелі пас беріп, командасының голдарына үлес қосты.

Жанкүйерлер Мессидің турнирдегі өнеріне жоғары баға берді.

"Ең бастысы – ол бүкіл Аргентина халқына үміт пен ерекше футбол сиқырын сыйлады. Әрбір матчта жанын салып ойнады", – деп жазды жанкүйерлер.

Бұған дейін Франция футбол құрамасының бас бапкері 14 жылдан кейін қызметінен кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: