Түркия чемпионаты әлемдік деңгейдегі тағы бір жұлдызбен толықты

Сурет: Instagram/fenerbahce
2026 жылдың 14 тамызында басталатын Түркия чемпионатын жанкүйерлер биыл ерекше асыға күтуде. Бұған клубтардың әлемдік жұлдыздармен толығуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияға келген жұлдыздардың бірі – бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукаку. Ол "Наполиден" 6 млн еуроға ауысты.

Ол өткен маусымда А сериясында бес матч өткізіп, бір гол соққан.

Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Лукаку алты ойында үш гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті. Ол көбіне қосалқы құрамнан шығып, Бельгия сапында шешуші голдар соқты.

Лукаку 16 тамызға қараған түні жаңа клубы "Фенербахче" сапында дебют жасауы мүмкін. Команда бірінші турда "Генчлербирлигиге" қарсы ойнайды.

Айта кетейік, биылғы маусымдағы Түркиядағы ең даңқты трансфері — Англияның "Ливерпуль" клубының аңыз ойыншысы Мохамед Салахтың ауысуы болды.

Бүгінде мысырлық футболшы 15 тамыз кешке алаңға шығуға дайындалып жатыр. Оның "Трабзонспоры" сырт алаңда "Касымпашаға" қарсы кездеседі.

Түркия
Футбол

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін