"Челси" Дастан Сатпаевқа қатысты соңғы шешімін қабылдады

Сурет: Instagram/d__satpayev
"Челси" клубы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевқа қатысты шешім қабылдап, оған клубта қалуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ASnews.kz басылымы Лондон клубындағы дереккөзге сілтеме жасап жазғандай, 18 жастағы футболшыға Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Олар Сатпаевты жалға алуға дайын.

Олардың қатарында француздың "Страсбур", ағылшынның "Халл Сити" және басқа да клубтары бар.

"Челси" Сатпаевты тәжірибе жинақтап, еуропалық футболдың талаптарына толық бейімделуі үшін бір жылға жалға беруі мүмкін деп күтілуде.

"Челсидің" басшылығы мен жаттықтырушылар штабы өз таңдауын жақын арада жасайды. Алайда әзірге Сатпаевтың алдағы маусымды лондондық клубтың негізгі құрамында бастау мүмкіндігі төмен.

Сондай-ақ "Челси" қазақстандық футболшыны жастар командасына жіберуі де ықтимал.

Бұған дейін Түркия чемпионаты әлемдік деңгейдегі тағы бір жұлдызбен толыққанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін