Түркия чемпионаты әлемдік деңгейдегі тағы бір жұлдызбен толықты
Сурет: Instagram/fenerbahce
Түркияға келген жұлдыздардың бірі – бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукаку. Ол "Наполиден" 6 млн еуроға ауысты.
Ол өткен маусымда А сериясында бес матч өткізіп, бір гол соққан.
Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Лукаку алты ойында үш гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті. Ол көбіне қосалқы құрамнан шығып, Бельгия сапында шешуші голдар соқты.
Лукаку 16 тамызға қараған түні жаңа клубы "Фенербахче" сапында дебют жасауы мүмкін. Команда бірінші турда "Генчлербирлигиге" қарсы ойнайды.
Айта кетейік, биылғы маусымдағы Түркиядағы ең даңқты трансфері — Англияның "Ливерпуль" клубының аңыз ойыншысы Мохамед Салахтың ауысуы болды.
Бүгінде мысырлық футболшы 15 тамыз кешке алаңға шығуға дайындалып жатыр. Оның "Трабзонспоры" сырт алаңда "Касымпашаға" қарсы кездеседі.