Елімізде күн күрт суытты: 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: Zakon.kz
Синоптиктердің мәліметінше, суық ауа массаларымен толысқан антициклон алдағы бірнеше күнде де ел аумағына ықпалын сақтайды. Соның салдарынан солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмендейді. Ал антициклонның жылжуына байланысты 13 мамырға қараған түні оңтүстік-шығыс өңірлерде де үсік жүруі мүмкін.
Болжам бойынша, елордада ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді. Алматыда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал Шымкентте жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.
Астана қаласында:
12 мамырда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс және батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде -1…-3 градус үсік, күндіз +13…+15 градус.
13 мамырда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +14…+16 градус.
14 мамырда жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5, күндіз +16…+18 градус.
Алматы қаласында:
12 мамырда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +14…+16 градус.
13 мамырда жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7, күндіз +17…+19 градус.
14 мамырда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +7…+9, күндіз +19…+21 градус.
Шымкент қаласында:
12 мамырда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде +11…+13, күндіз +22…+24 градус.
13 мамырда жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13, күндіз +24…+26 градус.
14 мамырда күн жылынып, жауын-шашын болмайды. Түнде +13…+15, күндіз +26…+28 градус.
Осыған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның барлық өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескерткен болатын.