2026 жылы елімізде әлемдік деңгейдегі қандай жұлдыздардың концерті өтеді

Николь Шерзингер, 2026, концерт, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 20:24 Сурет: Instagram/nicolescherzinger
Үкімет бірқатар әлемдік атақты адамдардың елімізге келіп, концерт қоятынын жариялады және 2026 жылы туризмді дамыту жоспарларымен де бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы 12 айда ел азаматтарына Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағыда басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шараларын тамашалау мүмкіндігі туындап отыр.

Сонымен қатар, Үкіметтің мәліметінше, мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық бағыттағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылып қойған.

"Барлық аймақтарды қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдап алынды. 2026 жылы Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс сияқты және тағыда басқа әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарлануда; фестиваль туризмін жобалау және ілгерілету бойынша арнайы штаб құрылды; Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, сондай-ақ Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізуді жоспарланған" делінеді арнайы мекеме есебінде.

Бұған дейін Алматы бюджеті Дженнифер Лопестің концертінен қанша табысқа кеңелгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: