Беларусьте 2026 жыл әйелдерге арналды

Беларусьте 2026 жыл әйелдерге арналды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2026 09:43 Сурет: Instagram/arynasabalenka
Беларусь президенті Александр Лукашенко 2026 жылды Беларусь әйелі жылы деп жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол 31 желтоқсанда Беларусь халқына арнаған жаңа жылдық құттықтауында мәлімдеді.

"Біз аналарымызды, жарларымызды және қыздарымызды жылына бір ғана күн құрметтейміз. Енді олардың өміріміздегі айрықша рөлін лайықты бағалап, 2026 жылды Беларусь әйелі жылы деп жариялайтын уақыт келді. Табиғат одан асқан кемел жаратылыс жасаған емес! Әйелімізді де, жерімізді де қорғай білейік, болашағымызды — отбасымызды, туған-туыстарымызды, жақындарымыз бен достарымызды қиындық пен қауіп-қатерден сақтайық", — деді Александр Лукашенко.

Беларусь үкіметіне Беларусь әйелі жылын өткізуге арналған республикалық іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту тапсырылды.

Ал Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: