Рыбакинаның Цинциннати турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Сурет: Instagram/wta
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдегі алғашқы қарсыласын білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы жарысты екінші айналымнан бастайды.

1/32 финалда Еленаның қарсыласы америкалық Тейлор Таунсенд болады. Ол WTA рейтингінде 110-орында тұр.

Аталмыш спортшы турнирдің бірінші айналымында АҚШ өкілі колумбиялық Камила Осорионы (60-орын) 3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы әйелдер арасындағы жекелей сында қазіргі чемпион – польшалық теннисші Ига Швёнтек. Өткен жылғы финалда ол италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен жеңген.

Айта кетсек, Ига Швёнтек биылғы Торонта турнирінде де жеңімпаз атанды. Ол финалда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны ірі есеппен жеңіп шықты.

АҚШ
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін