"Қазақстан Барысы" Жантілек Нұртілепұлына туған жерінде көлік сыйлады

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Qazaqstan Barysy – 2026" республикалық турнирінің жеңімпазы Жантілек Нұртілепұлын туған жері Маңғыстауда жерлестері салтанатты түрде қарсы алып, балуанға бағалы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазақстан Барысы" атағын иеленген балуанды 16 тамызға қараған түні Ақтау халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алған.

"Маңғыстау үшін бұл – тарихи жеңіс", – деп атап өтті әкімдік.

Астанада өткен жарыстың финалында Лабақ Батыр лақап атымен өнер көрсеткен маңғыстаулық балуан Жамбыл облысының өкілі Ғалымжан Қырықбайдан басым түсті.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жантілек Нұртілепұлының тарихи жеңісі бүкіл өңір үшін маңызды оқиға болып, қазақ күресін дамытуға, ұлттық спортты насихаттауға және жас спортшыларды қолдауға жаңа серпін берді", – деп мақтанышпен атап өтті өңір әкімдігі.

Ақтауда өткен салтанатты қарсы алу кезінде жүлдегер мен оның жеке жаттықтырушысы Қайрат Иманғазиевке сыйлық ретінде автокөліктер табысталды.

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін спортшыны жарыстағы жеңісімен Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін