"Қайрат"-"Андерлехт"матчіне Бельгиядан 18 жанкүйер Алматыға келді

Фото: Zakon.kz
20 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" пен "Андерлехт" арасындағы Еуропа лигасының іріктеу кезеңі плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчқа Бельгиядан бар болғаны 18 жанкүйер келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың сайтындағы мәліметке сәйкес, сапарға тек екі журналист – Het Nieuwsblad басылымынан Юрген Герил және La Dernière Heure газетінің тілшісі Ив Тайлдеман қатысты.

"Алматыға сапар, сөзсіз, оңай болған жоқ. Дегенмен 18 батыл жанкүйер бұл ұзақ сапарға шығып, "күлгін-ақтарды" қолдады", – делінген хабарламада.

Өз кезегінде "Андерлехт" ойыншылары жанкүйерлеріне өздерінің матчта киген жейделерін сыйға тартты.

"Андерлехт" бас бапкері Витор Бруну Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қарымта матчта да 20 тамыздағы кездесудегідей "Қайратқа" құрметпен қарайтынын айтқан болатын.

Қазақстан
Футбол

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін