Алматыда "Roland-Garros Junior Series" турнирінің жеңімпаздары анықталды

Сурет: ktf.kz
Алматыда 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында "Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia" халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс 17-22 тамыз аралығында "Gorky Tennis Park" кешенінің топырақ төсенішті корттарында өтіп, Орталық және Батыс Азия елдерінің үздік жас теннисшілерін жинады.

Турнир қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Ұлдар арасында Иран өкілі Киараш Садегизейди бірінші орын алды. Қазақстандық теннисші Родион Трайгель күміс жүлдеге ие болса, тағы бір отандасымыз Бексұлтан Бауыржанов үшінші орынға тұрақтады. Қазақстандық Амир Аскар жарысты төртінші орынмен аяқтады. Осылайша, ұлдар арасында бірден үш қазақстандық теннисші үздік төрттіктің қатарына енді.

Қыздар арасындағы жарыста Өзбекстан өкілі Александра Бармичева жеңімпаз атанды. Қазақстандық Алуа Марат екінші орын алса, тағы бір қазақстандық теннисші Айым Қанағатова қола жүлдеге ие болды. Қазақстан намысын қорғаған Тамина Сакен төртінші орынға тұрақтады.

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін "Roland-Garros Junior Series by Renault" финалдық кезеңінде Батыс және Орталық Азия өңірінің атынан өнер көрсету құқығына ие болды.

Алматыдағы турнир өңірдегі жасөспірімдер теннисін дамытуға бағытталған халықаралық алаңдардың біріне айналды. Қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі санатта да еліміздің үш өкілі үздік төрттікке енді.

Жарысқа 16 жасқа дейінгі 16 ұл мен 16 қыз қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін