Дастан Сатпаевтың "Бернлиде" қарсыласы пайда болды

Сурет: Instagram/d.satpayev
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың англиялық "Бернли" клубында жаңа қарсыласы пайда болды. Клуб бұрын Англия құрамасында өнер көрсеткен шабуылшы Джейми Вардиды қатарға қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz спорттық басылымының мәліметінше, қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев "Бернлидегі" негізгі құрамдағы орын үшін елеулі бәсекелеске ие болды.

Ағылшын клубы тәжірибелі шабуылшы Джейми Вардиды командаға алғанын ресми түрде жариялады. Ол 2026/27 маусымының соңына дейін келісімшартқа отырды.

39 жастағы ағылшын футболшысы өткен маусымды Италияның "Кремонезе" клубында өткізгеннен кейін "Бернлиге" қосылды.

Варди өз буынындағы ең танымал шабуылшылардың бірі саналады. Оның тәжірибесі жаңа маусымды сәтсіз бастаған "Бернлиге" көмектесуі мүмкін. "Бернли" бас бапкері Ники Хайен жаңа ойыншының кәсіби қасиеттерін жоғары бағалады.

18 жастағы Сәтпаев үшін мұндай атақты шабуылшының келуі негізгі құрамдағы орын үшін бәсекені күшейтеді. Сонымен қатар, бұл оған соңғы жылдардағы ағылшын футболының үздік шабуылшыларының бірінен тәжірибе үйренуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Дастан Сатпаевтың Чемпионшипте "Мидлсброға" қарсы матчтың үздік ойыншысы атанғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
Футбол

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді