Елена Рыбакина US Open-2026 финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сында бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының 2026 жылғы турнирінде жартылай финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған спортшы US Open-2026 финалына жолдама үшін әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.

Матч үш сетке созылып, Елена Рыбакина 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер хард кортта 2 сағат 8 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді. Сондай-ақ бес брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің финалына шықты. Финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.

Сонымен қатар Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуды қамтамасыз етті. Финал нәтижесіне қарамастан, US Open аяқталғаннан кейін қазақстандық теннисші әлемдік рейтингті бастайды. Жаңартылған рейтинг 14 қыркүйек, дүйсенбі күні жарияланады.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі