G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандықтар Лаос құрамасымен ойнады. Ойын 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 есебімен жеңген болатын.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Қазақстандықтардың келесі қарсыласы кейінірек анықталады.