Азия футболының алпауыттары жолдастық матчта қарсыластарын қапы қалдырды

Сурет: Instagram/UzbekistanFA
Кеше Азия футболының үш көшбасшысы жолдастық кездесулер өткізіп, мықты қарсыластарын ірі есеппен жеңіп, мамандарды ғана емес, жанкүйерлерін де қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жапония құрамасы өз алаңында екі дүркін әлем чемпионы Уругвайды 3:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Алаң иелерінің сапынан Кюрю Мацуки, Кенто Сиогай және Аясэ Уэда гол соқты. Қонақтардың жалғыз голын Максимилиано Араухо салды.

Оңтүстік Корея өз алаңында Эквадорды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Гол авторлары – О Хён Гю, Сон Хын Мин және Ли Дон Ген.

Екі команда да алаңға жаңа бапкерлерімен шықты: Корея құрамасын Роберто Морено басқарса, Эквадор сапында бас бапкер Марсело Гальярдо дебют жасады.

Өзбекстан құрамасы Ташкентте Ираннан 3:1 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде Элдор Шомуродов дубль жасады.

Өзбекстан құрамасының тағы бір голын Хусайн Норчаев соқты. Қонақтар гол соға алмағанымен, Жахонгир Урозовтың автоголы олардың пайдасына жазылды.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы Родриді мазасыз жанкүйерлер аңдыған болатын. Бұл жағдайда оған Мадрид полициясы көмекке келді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды