Алексей Чуркин әлемдік рекорд орнатып, Азиада-2026-да күміс медаль жеңіп алды

Сурет: telegram/olympickz
Жапонияның Айти префектурасында XX жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. 28 қыркүйекте ауыр атлетикадан 85 келіге дейінгі салмақта жарыс өтті. Бұл сайыста Қазақстан құрамасының өкілі Алексей Чуркин өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының 22 жастағы тумасы жарысты сәтті өткізді. Ол "алтын" үшін тартыста жеңіске сәл ғана жетпей қалды.

Алексей жұлқа көтерудегі алғашқы мүмкіндігінде 173 келіні көтеріп, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Серпе көтеруде спортшымыз 205 келіні бағындырды. Қос сайыс қорытындысында 378 келі жинап, екінші орынға ие болды.

Чуркиннен тек тәжірибелі кореялық Кванг Риол Ро басым түсті – 379 келі (165+214).

"Қола" медаль Қытай спортшысы Шуннан Ченге бұйырды – 374 келі (163+211).

Бүгін Қазақстан боксшысы Төрехан Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

Сонымен қатар Әділет Ахметғали XX жазғы Азия ойындарында күрестің кураш түрінен қола медаль жеңіп алды.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде бесінші орында тұр. Спортшыларымыздың еншісінде 43 медаль бар (9 алтын, 11 күміс, 23 қола). Қазақстаннан жоғарыда Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Өзбекстан құрамалары орналасқан.

Бұған дейін Испания құрамасының жұлдызы, "Барселона" шабуылшысы Ламин Ямаль футболдағы басты мақсатын атаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін