Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Ауыр атлетика, Жапония, Азия ойындары, күміс медаль, Нұрғиса Әділетұлы , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 17:15 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зілтемірші 95 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.

Нұрғиса жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келіні еңсеріп, күмістен алқа тақты.

Ирандық Али Алипур алтын медаль жеңіп алды - 398 (180+218) келі. Ал қытайлық И Ту қола медальға ие болды - 384 (179+205) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Чуркин (85 келіге дейін) күміс алған еді. Сондай-ақ жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарында күміс медаль еншіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: