Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Қазақстан семсерлесуден Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2026 14:59 Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз сабля бәсекесінің жартылай финалына дейін жетті. Ұлттық құрама бұл кезеңде Жапониямен жолығып, қарсылас командаға 45:34 есебімен жол берді.

Осылайша ерлер құрамасы Қазақстанның жүлде қорын қоламен толықтырды.

Қазақстан құрамасы сапында Назарбай Саттархан, Артем Саркисян, Қуаныш Ерғашбай және Нұрмұхаммед Жайлыбай өнер көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Артем Саркисян жекелей сында үшінші орын алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: