Португалия құрамасының бапкері Роналдудың наразылығына жауап берді

Сурет:
Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналдудың ұлттық командадан кетуіне қатысты дау өрши түсті. Жағдайға оның негізгі қатысушыларының бірі – бас бапкер Жорже Жезуш пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Португалия құрамасының бас бапкері болған жағдайды жасырмай, Роналдуға қатысты шешімінің себебін түсіндірді.

Данияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында 72 жастағы маман шабуылшымен арада не болғанын айтып берді.

"Жанжалдың болғанына алаңдамаймын. Мансабымда мұндай жағдайлар көп кездесті. Бірақ мұны үлкен мәселеге айналдырудың қажеті жоқ. Мен Роналдуға екі матчта ойнамайтынын айттым. Матч кезінде оған қажет болып қалуы мүмкін деп ойлап, қызынуға жібердім. Алайда кейін алаңға шығармадым. Бұған өз себептерім болды. Қызыну – алаңға міндетті түрде шығасың деген сөз емес. Тіпті Пеле немесе Марадона болсаң да. Ереже бәріне бірдей", – деді Жорже Жезуш.

Бапкер Роналдудың шешіміне наразылығын түсінбейтінін айтты. Оның сөзінше, футболшы бұған дейін шешімді өз қалауынша қабылдай алатынын Жезуштің өзіне айтқан.

"Ол маған шешімді өзім қабылдауым керектігін айтты. Мен не уәде берсем де, соңғы шешімді өзім қабылдаймын. Мен – бапкермін. Мұны түсіну сіздерге қиын болуы мүмкін. Мен оған ойнамайтынын айттым. Ешбір футболшы мені шешімімді өзгертуге мәжбүрлей алмайды. Ол да, футболдағы басқа адам да, тіпті ешбір президент те. Ешқашан, қандай жағдайда да", – деді Жезуш.

Осыдан бірнеше сағат бұрын Португалия футбол федерациясы Роналдудың ұлттық құрамадан кетуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

"Криштиану Роналду Копенгагендегі ұлттық құрама орналасқан жерден кетті. Дания және Норвегия құрамаларына қарсы матчтарға дайындық жоспарға сәйкес, шақырылған қалған 24 ойыншының қатысуымен жалғасады. Соңғы матч "Драгау" стадионында өтеді. Бүкіл команда Португалия құрамасының алдағы ойындарына және қойылған міндеттерді орындауға толықтай жұмылдырылған", – делінген FPF мәлімдемесінде.

Бұған дейін Криштиану Роналдудың Жезуштің сөздерінен кейін Португалия құрамасы орналасқан жерден өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған болатын.

Футбол
Роналду Криштиану

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін