Қазақстандық-қытайлық жұптың жартылай финалға дейін жетуінің өзі сенсацияға баланады. Рейтинг бойынша олар Қытай Ашық чемпионатына қатысушылар қатарына алынбаған болатын. Алайда ұйымдастырушылардан арнайы шақыру (уайлд-кард) алған олар финалға да шығып кете жаздады.
62 минутқа созылған матчта Нидерланд жұбы жеңіске жетті. Есеп – 6:4, 6:4. Жеңімпаздардың ұтыс ұпайлары бойынша басымдық айқын байқалды – 64:42.
Күні кеше әйелдер арасындағы China Open-2026 жарысынан Елена Рыбакина шығып қалды. Екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы 188-орындағы ойыншыға есе жіберді.