Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Қазақстан өкілі грекиялық теннисші Стефанос Сакелларидисті 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.
Скатов матчты сенімді өткізіп, қарсыласына бірде-бір сет бермеді. Қазақстандық теннисші бір эйс жасап, бір қос қателікке жол берді. Сакелларидис бес эйс орындап, үш қос қателік жіберді. Сонымен қатар Скатов қарсыласына қарағанда мәжбүрлі емес қателіктерді айтарлықтай аз жіберді 16-ға қарсы 28.
Осы жеңістің арқасында Скатов іріктеу кезеңінің финалдық раундына шықты. Енді ол австралиялық Бернард Томичпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы Шанхайдағы турнирдің негізгі жеребесіне жолдама алады.