Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при кезеңін оныншы орында аяқтады

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026/27 маусымындағы Гран-при сериясының Францияның Анже қаласында өткен алғашқы кезеңіндегі жарысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі күнге созылған жарыста отандасымыз 206,55 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламада Михаил Шайдоров төртінші нәтиже көрсеткен еді. Алайда еркін бағдарламада 11-орынға ие болып, жалпы есепте үздік бестіктегі орнын сақтап қала алмады.

284,24 ұпай жинаған Франция өкілі Адам Сяо Хим Фа жеңімпаз атанды. Жапония спортшысы Као Миура 247,96 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Оңтүстік Корея өкілі Минкю Со 244,90 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Франциядағы жарыс 2026/27 жылғы маусымда өтетін Гран-при сериясының алты кезеңінің алғашқысы болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз