45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Сурет: Zakon.kz
Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) 2026 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтуі тиіс болған жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындарының кейінге шегерілгенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

АОК пен Ойындарды ұйымдастыру комитетінің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, жарыстар 2027 жылы 28 наурыз бен 8 сәуір аралығында өтеді.


"Жаңа мерзім жергілікті ұйымдастыру комитетімен, Ұлттық Олимпиадалық комитеттермен және серіктестермен ақылдаса отырып бекітілді. Ойындарды кейінге шегеру жарыстар кестесін реттеуге және мүмкіндігінше көп елдің қатысуына мүмкіндік береді. Түпкілікті шешім ұйымдастыру және логистика мәселелері қайта қаралғаннан кейін қабылданды", делінген түсініктемеде.

Алдағы жарысқа 45 елден 4500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимаратта өтетін VI Азия ойындары Сауд Арабиясында Азия Олимпиадалық кеңесінің аясында ұйымдастырылатын алғашқы мультиспорттық дода болмақ.

Ойындарды өткізуге қатысты қосымша ақпаратты ұйымдастырушылар кейінірек жариялайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады