1500 метр қашықтықтағы финалда отандасымыз 2:20.393 нәтижесін көрсетті. Қола жүлдегер, жапониялық Сёго Миятадан 0,205 секундқа қалып қойды.
Нидерланд өкілі Йенс ван ’т Ваут (2:20.025) жарыс жеңіпазы атанды. Оңтүстік Корея спортшысы Рим Джон Гун (2:20.082) мәре сызығын екінші болып кесті.
Әлемдік турдың келесі кезеңі Канаданың Монреаль қаласында өтеді.