ҚПЛ-2026: Футболдан шешуші турнирде ерекше жағдайлар орын алды

Сурет: Zakon.kz
Күні кеше футболдан 2026 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының маусымы аяқталды, оның соңғы 30-турында қола медаль иегері анықталды. Сондай-ақ жоғары дивизионнан екі команда "ұшып кеткені" белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚПЛ-2026 турнирінде үшінші орын сырт алаңда Талдықорғанның "Жетісуымен" 2:2 есебімен тең түскен "Астанаға" бұйырды. Бұл нәтиже алаң қожайындарын жоғары дивизиондағы орнын сақтап қала алмады.

Маусымның қола жүлдесіне үміткер болған тағы бір команда "Оқжетпес" Семейде "Εлімайды" 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, ұпай саны бойынша "Астанамен" теңесті.

Алайда қосымша көрсеткіштер бойынша елордалық команда үшінші орында бекем тұрып, ал көкшетаулықтар төртінші сатыға сырғуына тура келді.

Турнир кестесінің төменгі бөлігінде де шешуші матчар өтті. "Ертіс" өз алаңында еліміздің мерзімінен бұрын чемпионы атанған "Ордабасыны" жеңіп (2:0), Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.

"Атырау" Жезқазғанда "Ұлытауды" ойсырата жеңді (3:0), "Алтай" Алматыда "Қайратқа" есесін жібермеді (1:1). "Қайсар" сырт алаңда "Жеңіске" жол беріп (1:2), маусымды соңғы орында аяқтады.

ҚПЛ-2026 соңғы турының қалған матчтарында келесі нәтижелер тіркелді: "Каспий" "Қызылжарға" есе жіберсе (1:2), "Тобыл" өз аренасында "Ақтөбеге" төтетеп бере алмады – 2:3.

Осылайша, "Ордабасы" өз тарихында екінші рет алтын медаль иеленді, "Қайрат" күміс жүлдені місе тұтты, ал "Астанаға" қола медаль бұйырды.

Бұл маусымда сәтсіздікке ұшырағандар "Жетісу" мен "Қайсар" болды, аталған екі команда да келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсетпек.

"Ордабасы" шабуылшысы, 14 гол соққан Бьорн Йонсен үздік атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

31 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі