Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Австрия өкілі Жаклин Спрингерден басым түсті.
Енді Ғалия Тынбаева финалда Италия өкілі Ассунта Скуттомен күреседі.
Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев 66 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында италиялық Валерио Аккольиді жеңді. Осылайша отандасымыз ақтық сында бразилиялық Рональд Лимамен күш сынасады.
Ал жартылай финалда Давид Старкелді (Словения) жеңген Аман Бақытжан (60 келі) финалда қытайлық Тайбэй өкілі Ян Юн Вэймен белдеседі.
Осылайша үш қазақстандық дзюдошы Хорватияда өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы жазғы жасөспірімдер Олимпиадасын сегіз медальмен аяқтады.