Гранд-финал 15 қарашада Гонконгта өтті. FURIA ресейлік Team Spirit командасын 3:0 есебімен ұтып, қарсыласына бірде-бір картада жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді.
Ең тартысты ойын Ancient картасында өтті. Командалар алғашқы таймды 6:6 есебімен аяқтады. Алайда екінші кезеңде FURIA басым түсіп, 13:11 есебімен жеңіске жетті.
Dust2 картасында бразилиялық команда ойынды толық бақылауына алып, қарсыласын 13:5 есебімен ойсырата ұтты. Ал Mirage картасында FURIA 13:8 есебімен жеңіске жетіп, кездесудің нүктесін қойды.
BLAST Rivals Season 2 турниріндегі жеңіс FURIA командасына PGL Singapore Major 2026 қарсаңындағы соңғы ірі жарыстардың бірінде чемпиондық атақ әкелді. Бірінші орын үшін берілетін жүлде клуб үлесін қосқанда 250 мың доллар болды.