Осы жылы туғандардың қарашада бағы жанады

Осень, осенняя погода, желтые листья, листопад, осенний сезон, осенний лес, осенний парк, парк осенью, лес осенью, роща Баума, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2026 13:38 Фото: Zakon.kz
Қарашаның екінші жартысы күтпеген мүмкіндіктер мен маңызды шешімдер кезеңіне айналуы мүмкін. Астролог тағдырдың белгілеріне назар аударып, өз мүмкіндігін жіберіп алмауы керек адамдарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астролог Витольд Бартеневтің болжамынша, 15 қарашадан кейін туған жылдарына қарай төрт топтағы адамдардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуы ықтимал. Оның айтуынша, көптен бері белгілі бір мақсатқа ұмтылып жүрген жандар үшін жағдай оңынан өзгеруі мүмкін, деп жазады "Петербург2".

1974 және 1986 жылдары туғандар

Бұл жылдары дүниеге келген адамдарды жұмыс пен үй шаруасында біршама тыныш кезең күтіп тұр. Күтпеген қаржылық түсім, бұрын берген қарызын қайтарып алу немесе ірі сауда кезінде тиімді ұсынысқа тап болуы мүмкін.

Астролог маңызды әңгімелерді кейінге қалдырмай, жыл соңына дейінгі үш негізгі мақсатын айқындап, оған жету жолын шағын қадамдарға бөлуді ұсынады.

1981 және 1993 жылдары туғандар

Бұл жылдары туған адамдардың жеке өмірінде оң өзгерістер болуы мүмкін. Бойдақтар өзара сенім тез қалыптасатын адаммен танысуы ықтимал. Ал қарым-қатынаста жүргендер қыс мезгіліне арналған ортақ жоспарларын оңайырақ келісіп алады.

Сонымен қатар астролог түйсігіне құлақ асып, тосын ұсыныстардан бірден бас тартпауға кеңес береді. 15 қарашадан кейінгі кездейсоқ кездесу немесе жоспардан тыс сапардың өзі жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы мүмкін.

Жұлдыз жорамал – болжам ғана және белгілі бір нәтижеге кепілдік бермейді. Кез келген сәйкестік кездейсоқтық болып есептеледі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: