Оңтүстік Кореяның крипто биржасы тұтынушыларға қателесіп 620 мың биткоин аударып жіберген

Биткоин, Оңтүстік Корея, крипто биржа, тұтынушылар, қателесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2026 14:47 Сурет: freepik
Оңтүстік Кореяның Bithumb крипто биржасы тұтынушыларға қателесіп 620 мың биткоинды аударып жіберіп, басы үлкен дауға қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылдың 6 ақпанында кешке аталған алаң 249 пайдаланушыға әрқайсысына шамамен 2,5 мың биткоин аударды. Бұл туралы "Yonhap" агенттігі жазады.

Мұндай "сыйлықтың" құны шамамен 244 миллиард вонды немесе бір адамға 166 миллион долларды құрайды. Компания бұл ыңғайсыз оқиғаға адами фактор себеп екенін айтады.

Bithumb түсіндіріп өткендей, төлемдерді рәсімдеу кезінде қызметкерлердің бірі Корей вонының орнына BTC валютасын көрсетіп, үлкен қателікке жол берген. Ақау анықталғаннан кейін биржа қаражатты алуға тез арада тыйым салып, бұғаттады. Нәтижесінде компания 618 212 биткоинді, сондай-ақ пайдаланушылар сатып үлгермеген криптовалютаның 93 пайызын кері қайтара алды. Соған қарамастан, аталған жайттың салдарын толығымен жою мүмкін болмады: 125 биткоин жоғалып кетті. Ағымдағы бағам бойынша олардың құны шамамен 7,5 миллион долларға бағаланады.

Осыған байланысты Оңтүстік Кореяның қаржылық қадағалау қызметі 2026 жылдың 7 ақпанында таңертең әкімшілік басшысы Ли Чан Джиннің төрағалығымен шұғыл жиналыс өткізіп, дереу биржаға инспекциялық топ жіберді.

Көшпелі тексеріс барысында реттеуші орган болған оқиғаның мән-жайына жан-жақты бағалау жүргізуге, Bithumb пайдаланушыларын қорғау жөніндегі шараларды тексеруге, қателесіп аударылған биткоиндерді қайтару мүмкіндігін зерделеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттің ықтимал белгілерін анықтауға ниетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: