Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің қызы алаяқтық бабы бойынша қамауға алынды

Полиция алаяқтық бабы бойынша Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Иннің қызы Мун Да Хенің үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, ол 2022 жылы қайырымдылық аукционын өткізіп, ақша жинаған, бірақ, уәде еткендей қаражатты коммерциялық емес ұйымға табыстамаған. Осы негізде Мун Да Хеннің үстіне шағым түсті, қазір оның банктік шоттары мен транзакцияларын құқық қорғау органдары тексеруде.
"Сеулдегі Содемун полиция бөлімшесі жақында Мунды алаяқтық бабы бойынша күдікті ретінде ұстағанын мәлімдеді", – делінген хабарламада.
Тағы бір экс-президенті Юн Сок Ён қазіргі уақытта билікті теріс пайдалану бабы бойынша тергеуге алынған. Сонымен қатар, ол өткен жылдың 3 желтоқсанында елде соғыс жағдайын енгізбек болған сәтсіз әрекетіне байланысты бүлік шығарды деп айыпталады.
Сонымен қатар, 1 мамырда Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы - премьер-министр Хан Док Су да отставкаға кетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript