Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда балабақша тәрбиешісінің үстінен адамды қинау бабы бойынша іс қозғалды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2023 21:41 Сурет: видеодан алынды
Балқашта балабақша тәрбиешісінің үстінен адамды қинау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тіпті тергеушілер оның ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтіріп отыр. Өйткені күдікті балабақшадағы түзету тобына баратын сөйлеу және дамында ауытқуы бар балаларға білгенін істеген. Бақылау камерасы түсірген таспада тәрбиешінің тыныш отырған баланың үстіне бар салмағымен жайғасып алғанын анық аңғаруға болады. Дұрыс сөйлей алмайтын балалар тәрбиешіден теперіш көргендерін айта алмайды. Бір ата-ана осы видеоны кездейсоқ көріп қалып, бірден полцияға арызданған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алғашында қылмыстық іс "кәмелетке толмаған балаға дұрыс қызмет көрсетпеу" бабы бойынша қозғалыпты. Бірақ бақылау камарасына түскен басқа видеолар полицейлерді селт еткізген. Онда осы тәрбиеші балаларды ұрып-соғып, ұятты жерлерін шымшып, үстел сүрткен шүберекті аузы-мұрнына тыққан. Осыдан кейін қылмыстық іс адамды қинау бабына өзгертіліп, күдіктіге психикалық сараптама тағайындалды. Тіпті бірден жұмыстан шығарылып, балабақша меңгерушісіне сөгіс жарияланған.


"ҚР ҚК 110, яғни "қинау" бабына сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Тергеу орындары соңғы жарты жылдағы бейнежазбалар тәркіленіп алынды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалды шешім қабалданатын болады". Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: