Бұл кезеңде қазақстандық шахматшыға америкалық гроссмейстер Эндрю Хонг қарсылас болды. Алғашқы ойын күнінің қорытындысы Бибісара үшін сәтсіз аяқталды. Ол 5:15 есебімен жеңіліп қалды.
Асаубаева алғашқы блиц партиясында жеңіске жетіп, кездесуді жақсы бастағанымен, кейін блицтегі қатарынан үш партияда және рапидтегі алғашқы ойында қарсыласына жол берді.
Жылдам шахматтағы шағын жетістік Бибісараға Эндрюден қалып қойған есебін 5:7-ге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алайда классикалық шахматта қазақстандық спортшы қарсыласына төтеп бере алмай, жеңіліс тапты.
Осылайша, Хонг алғашқы ойын күнін 15:5 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Total Chess World Championship Tour Pilot-2026 турнирінің 19-орны үшін тартыс бүгін кешке жалғасады.
Бұған дейін Асаубаева заманауи шахматтың королі Магнус Карлсенді жеңе алмағаны хабарланған еді.