Асаубаева Хонгпен кездесудің алғашқы күнінде жеңіліп қалды

Асаубаева Хонгпен кездесудің алғашқы күнінде жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 13:58 Сурет: Instagram/totalchess
Қазақстандық әйелдер шахматының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot-2026 супертурнирінің 19-орын үшін жұбаныш кезеңіндегі алғашқы ойын күнін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кезеңде қазақстандық шахматшыға америкалық гроссмейстер Эндрю Хонг қарсылас болды. Алғашқы ойын күнінің қорытындысы Бибісара үшін сәтсіз аяқталды. Ол 5:15 есебімен жеңіліп қалды.

Асаубаева алғашқы блиц партиясында жеңіске жетіп, кездесуді жақсы бастағанымен, кейін блицтегі қатарынан үш партияда және рапидтегі алғашқы ойында қарсыласына жол берді.

Жылдам шахматтағы шағын жетістік Бибісараға Эндрюден қалып қойған есебін 5:7-ге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Алайда классикалық шахматта қазақстандық спортшы қарсыласына төтеп бере алмай, жеңіліс тапты.

Осылайша, Хонг алғашқы ойын күнін 15:5 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Total Chess World Championship Tour Pilot-2026 турнирінің 19-орны үшін тартыс бүгін кешке жалғасады.

Бұған дейін Асаубаева заманауи шахматтың королі Магнус Карлсенді жеңе алмағаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: