Карлсен Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатыспай, техникалық жеңіліс алды

Карлсен Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатыспай, техникалық жеңіліс алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 12:48 Сурет: Instagram/bibisarachess, Instagram/magnus_carlsen
Шахматтан әлемнің 16 дүркін чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 супертурнирінің алғашқы ойын күніндегі қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партиясына қатыспады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, турнир Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатыр. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Асаубаева 17–20-орындар үшін өтетін турнирге жолдама алған. Қазақстандық шахматшының қарсыласы – әлем чемпионы әрі FIDE рейтингінің көшбасшысы Магнус Карлсен.

Қарсыластар плей-офф кезеңінің бесінші торындағы жартылай финалда кездесті. Екі күнге жоспарланған матч аясында қатысушылар блицтен төрт, рапидтен екі және жылдам классика форматында бір партиядан ойнайды.

Карлсен блицте үш партияда жеңіске жетіп, біреуінде тең түсті. Одан кейін рапид форматындағы екі кездесуде де қарсыласынан басым түсті. Осылайша, норвегиялық шахматшы алғашқы ойын күнінің қорытындысы бойынша 11,5:0,5 есебімен мерзімінен бұрын басымдыққа ие болды.

Осыдан кейін норвегиялық шахматшы қазақстандық қарсыласына қарсы жылдам классика форматындағы партияға шықпау туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде оған техникалық жеңіліс есептеліп, сегіз ұпайдың барлығы автоматты түрде Асаубаеваға берілді. Алғашқы ойын күнінің қорытынды есебі – 11,5:8,5, Карлсеннің пайдасына.

Айта кетейік, топтық кезеңде екі шахматшы да өз квартеттерінде бесінші орын алып, жұбаныш турниріне түскен. Карлсен C тобында, ал Асаубаева D тобында өнер көрсетті.

Матчтың екінші ойын күні 2026 жылғы 18 қарашада өтеді. Бұл кездесуде есеп қайтадан нөлден басталады. Екі күннің қорытындысы бойынша тең нәтиже тіркелсе, жеңімпаз "Армагеддон" форматындағы тай-брейкте анықталады.

Бұл жұптың жеңімпазы 17-орын үшін өтетін матчта ресейлік Владислав Артемьев пен америкалық Эндрю Хонг арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Еске салайық, Бибісара Асаубаева бұған дейін де осы турнирде көзге түскен еді. Ол FIDE рейтингінде 12-орында тұрған шахматшыны бір партияда күтпеген жерден жеңген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: