Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Корея Республикасының Муджу қаласында пара таеквондодан Әлем чемпионатында қазақстандық Малик Мұқашев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ "Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жерлесіміз К41 классында 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жеңімпаз атанды.

Екінші орынды Саид Сабах Хамид әл-Фаххам (Ирак), ал үшінші орынды Яшар Сами Гокбаба (Түркия) алды.

Бұдан бөлек, аталмыш додада К41 классында Қайырғали Юсупбеков 63 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара таеквондодан Әлем чемпионаты 20-22 қараша аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240-тан астам спортшы қатысты.

Бұған дейін теннисші Жібек Құламбаева екі аптада қатарынан екіннші чемпион титулын жеңіп алғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты: Санжар Ерұланұлы финалға шықты

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды