Бұл жолы отандастарымыз Үндістан құрамасынан басым түсті. Ойын 33:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Еске салайық, қазақстандық гандболшылар алғашқы ойында Аустралия құрамасын жеңген болатын.
Қазақстан құрамасы В тобындағы келесі кездесуін ертең, 25 қарашада Өзбекстанға қарсы өткізеді.
Азия чемпионаты 3 желтоқсанда мәресіне жетеді. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.