Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі "М.Д-ның" 2022 жылы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы аталған қалада автомобиль жолдарын жөндеумен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (шамамен 42 млн 500 мың теңге) көлемінде пара алғанын әшкереледі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Құзырлы ведомство қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынғанын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.