«ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды – «Антикор»

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
13 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы «RecyclingCompany» ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 млрд.теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі

Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық бағалауды сот береді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, 19 қаңтарда «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымы бойынша қызметі тоқтатылғаны белгілі болды.

21 қаңтарда Қазақстан Президенті кәсіпкерлермен кездесуінде "ӨКМ Операторы" қызметін сынға алып, оның функцияларын мемлекеттік ұйымға өткізуді ұсынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді