Ұлттық сараптама орталығының қызметкері сегіз жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотымен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне қатысты сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны жайында үкім жарияланды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство оның Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылғанын жеткізді.

2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Нұр-Сұлтан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі