Елімізде жемқорлық ең көп тараған салалар аталды

Сурет: Zakon.kz
Әр бесінші сыбайлас жемқорлық қылмысы мемлекеттік сатып алу саласында жасалады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бюджет шығыстарының жалпы көлеміндегі мемлекеттік сатып алудың үлесі –шамамен 30%. Бұл Қазақстанның ЖІӨ құрылымының шамамен 5%-ы болады. Осының өзі нарыққа өте маңызды экономикалық әсерді көрсетеді. Бюджет қаражатының мұндай айналымы, Сарқұловтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүйесінің сыбайлас жемқорлық тартымдылығын арттырады.

Мысалы, 2020 жылдан 2022 жылдың бірінші тоқсанына дейін 418 қылмыстық іс аяқталып, олар бойынша 162 адам сотталды. Талдау көрсеткендей, аталған қылмыстардың 80%-ға жуығы – бюджет қаражатын ұрлау, жалған орындалған жұмыс актілеріне қол қою және сатып алу жеңімпазын анықтау кезіндегі пара алу фактілері. Олар негізінен құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларында жүзеге асады.Ұлан Сарқұлов

Мысал ретінде ол Жалаңтөс баһадүр ескерткішін салуға қаражатты кедергісіз аударғаны үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алған Қызылорда облысының мәдениет басқармасының басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық ісін келтірді.

Агенттік 2021 жылы Атырауда Абай Құнанбаевтың ескерткішін жасау мен орнатуға келісім-шарт жасағаны үшін 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы әшкереледі. Ескерткіш құны 145 млн теңге болған.

Бүгінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Хаменоваға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, таныстыру басталды. Сонымен бірге сот пара алу фактісі бойынша Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі қарап жатыр, – деді Сотқа дейінгі тергеу басқарма бастығының орынбасары Шамұрайт Шәменов.
Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты