Ықпалды тұлғалар «көлеңкелі» кірісін шетелде жасырған – Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шетелге капиталды шығарудың «сұр схемаларын» тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2022 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында айтылды.

Кездесу барысында «ӨКМ операторы» ЖШС басшылығына және басқа да тұлғаларға аса ірі көлемде қаржы жымқыру дерегі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексерудің барысы туралы түсініктеме берілді.

«ӨКМ операторы» бойынша 180 миллиард теңгеден астам қаржының ұрлануының алдын алып, мемлекетке толығымен қайтарылып, әлеуметтік мақсатқа жұмсалды. Құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден астам теміржол трассасы мемлекет бақылауына алынды. Әңгіме «соңғы шақырым» деп аталатын жол туралы.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство келтірілген залалды тікелей өтеумен қатар, әлеуметтік-экономикалық әсері де бар екенін айтты.

Мысалы, теміржол тасымалдаушылары үшін тарифтер 14 есеге (2200 теңгеден 147 теңгеге дейін) төмендеген. Мұндай «сұр» схемалардың артында көбінесе «көлеңкелі» кірістерін шетелде жасыратын ықпалды адамдар тұрды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сонымен қатар экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты істер тергеу департаменттің ерекше бақылауында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге немесе шамамен 1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі активтер қайтарылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: