Талдықорғанда сотталған ТЖД-ның лауазымды тұлғалары миллиондап айыппұл арқалады

Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қалалық сотында пара алу фактілері бойынша ТЖД-ның лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Е.Ахашовқа пара алғаны үшін 6,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Қонаев қаласы ТЖБ бастығы А.Түркестановқа бірнеше рет пара алғаны үшін 47,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы сот үкімі аясында "Золотое руно" казино ойын залының басшысы Е.Аталиковаға пара бергені үшін 6,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ полковник, азаматтық қорғау подполковнигі сынды арнайы атақтарынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады