Павлодар облысында орындалмаған жұмысты қабылдаған екі әкім жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Тереңкөл-Бобровка ауылдық округінің әкімі Руслан Омаров пен Береговой ауылдық округінің әкімі Ренат Құланбаев мердігерлер аяқтап үлгермеген жол жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл ішіндегі жолдарға жасалуы тиіс орташа жөндеу жұмыстары қағаз жүзінде көрсетілгенімен, нақтысында ол мүлде жасалмаған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ауыл әкімдері бюджет ақшасын мердігердің шартты шотына аударып та үлгерген.

Сондай-ақ Павлодарда Әдеп жөніндегі кеңесте Шарбақты аудандық әкімдігі Экономиканың нақты секторы бөлімінің басшысы Равиль Ғұмаровтың ісі де қаралды.

Есілбай ауылындағы клуб құрылысына өткен жылы 130 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер жұмысты уақытында әрі тиісті түрде атқармағанына қарамастан, оның ақысы төленіп қойған.

Кеңес мүшелері барлық үш мемлекеттік қызметшіге қатысты өз қызметіне толықтай сай болмауы бойынша ескерту жасауды ұсынды.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

27 қазанда Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді