Антикор Бақытгүл Хаменованың айыптауына қатысты үн қатты

Сурет: Facebook/Бакытгуль Хаменова
Әлеуметтік желіде сотталушы Бақытгүл Хаменованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан өзінің негізсіз қудалауға ұшырап отырғаны жайлы тараған мәлімдемесіне қатысты Антикор жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

9 қыркүйекте сотта Бақытгүл Хаменова өзінің кінәсі жоқ екенін айтып бақты.

Құрметті сот! Қазір мықтылардың дәуірі жүріп тұрған уақыт. Антикордың заманы. Көрдіңіз ғой, Антикор өздеріне тек Хаменова керек екенін айтып отыр, – деді отырыста экс-әкім орынбасары.

Антикор өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен бірге "Балқыту" ЖШС директоры У. Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобынан 4,5 млн теңге сомасында пара алғаны әшкереленгенін тағы бір мәрте еске салады.

Пара мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және жалпы қамқорлығы үшін ұсынылған.

Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады. Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды. Антикор

Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайтыны да нақтыланады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды