БҚО-да салық органының қызметкері пара алғаны үшін 11 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы бас маманы Рауан Жексенғалиевті "Пара алуға оқталу" бабында көзделген қылмысты жасады деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикорға сауда үйінің директоры өзінен пара талап етіп жатқанын айтып, салық маманы үстінен арызданған, деп хабарлайды "Мой город".

Р.Жексенғалиев ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігіне сәйкес (аса ірі көлемде пара алуға оқталу) айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл мерзімді ол қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуі үкім етілді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару және басқа органдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Жексенғалиевтің кінәсі сот барысында тергеу нәтижелерімен толықтай дәлелденді. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, 4 млн теңгені алдау жолымен алмақ болғанын түсіндірді. Оның үстінен арыз Антикорға сауда үйінің директоры Жаманғариннен келіп түсті. Ол МКД бас маманы өзінен 40 млн теңге пара талап еткенін айтты, - деді судья Шара Зайнуллина.

Сотталушы мен оның адвокаты сот шешімімен келіспейтінін, тағылған айыпты жоққа шығаратынын мәлімдеді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр