Ақтөбе облысында пара алған тергеу изоляторының экс-басшысы сотталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты КА-168/3 (тергеу изоляторы) мекемесінің бұрынғы бастығы сотталушыдан 450 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиға 2022 жылдың 7 қыркүйегінде орын алған. Пара сотталушыны жазасын өтеу кезінде камералық үлгідегі үй-жайдан казармаға ауыстыру және болашақта оны жұмыспен қамтуы үшін берілген.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толықтай мойындады.

Сот Ә-нің сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасағанын ескере отырып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырды, – деді баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

КА-168/2 мекемесі - шағын, орта және ауыр қылмыстар үшін алғаш рет сотталған адамдарды ұстауға арналған түзеу мекемесі (орташа қауіпсіздік деңгейіндегі).

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді