Жемқорлық бойынша сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі бостандыққа шықты

Сурет: ortcom.kz
Сыбайлас жемқорлық айыбымен сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" мәліметінше, сыбайлас жемқорлық айыбымен төрт жылға сотталған Руслан Еңсебаев екі жарым айдан соң, яғни сот үкімі шыққанына 81 күн болғанда бостандыққа шықты.

Руслан Еңсебаев 1 млн 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 4 жыл бас бостандығынан айыруды үкім етті, бірақ 2,5 айдан кейін бұрынғы шенеуніктің жазасын 66 миллион теңге айыппұл түрімен алмастырды. Тиісті қаулыны елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы шығарды, - делінген хабарламада.

Руслан Еңсебаев 2018 жылдың маусым айында ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Оған сәйкес ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін